Русский Сайттың толық нұсқасы

В.Школьник: Бензин бағасының қандай болатынын сізге де, бізге де ешкім айта алмайды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2015
  • 1511

Мұнай өңдеу зауттарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру туралы шешім жыл соңына дейін қабылданады. Бұл туралы парламент қабырғасында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді. Инвесторлар бар. Бірақ қойған талаптары жоғары, - дейді министр.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

МӨЗ жөндеуіне ақша бергісі келетін ұйымдар қаражаттың қайтарылатынына мемлекет кепілдік берсін дейді. Ал мемлекет кепілдік бергісі келмейді. Қазір қытайлық серіктестеріміз бен коммерциялық институттармен бірінші кезекте Шымкент мұнай өңдеу зауытының қайта құруын қаржыландыру туралы келісіп жатырмыз. Қаржы көзі жыл соңына дейін анықталып, жұмыс соңына жетеді.

Ал акциз өскеннен кейінгі бензин бағасы қандай болады деген сұраққа министр тұщымды жауап қата алмады.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Мен оны нақты айта алмаймын, оны сізге ешкім де дөп басып айта алмайды. Теңге мен рубльдің ара қатынасы, өйткені біз ішкі сұраныстың үштен бірін Ресейден аламыз, теңге мен доллардың, Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттердегі жағдай ескеріледі. Мәселен, Тәжікстан мен Қырғызстанда отын тапшылығы байқалып отыр. Сондықтан бензин бағасын қандай болатынын сізге де, бізге де ешкім айта алмайды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ