Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар заң жобасын кешіктірген Ұлттық экономика министрлігіне наразы

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2015
  • 1008

Маңызды заң жобасын Мәжіліске жыл соңында әкелген Ұлттық экономика министрлігіне депутаттар реніш білдірді. Президент биыл Үкіметке рұқсат құжаттарының санын 50 пайызға қысқартуды тапсырған. Енді депутаттар 1 ай 10 күн ішінде заң жобасын қабылдап үлгеруі керек.

Сейітсұлтан Әйімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы: 

Получается, мы сегодня не выполним поручение президента. Не мы, а вы - министерство - должны были в 2015-ом году. 2015 год заканчивается. Соны бірден келісіп алайық.

Заң жобасын Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов таныстырды. Оның айтуынша, бүгінде түрлі рұқсат құжаттардың саны 481-ді құрайды. Министрлік 152 түрін қысқартуды ұсынып отыр. Ол 39 пайызы. Жаңа заң кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілерді жоюға, мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдетуге, жалпы бизнесті дамытуға жол ашуы тиіс.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ