Үкімет «zakon.kz» ақпараттық
порталымен бірігіп «Министрге сұрақ қой» деген арнайы айдар ашты. Әзірге
сұрақтарыңызды Білім және ғылым министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму
министрi мен Мәдениет және спорт министріне қоя аласыздар.
Бір апта
бұрын қолға алынған айдардағы сұрақтарға министрлер мейлінше шұғыл жауап беріп
жатыр. Білім және ғылым министріне қойылған сұрақтардың арасында көбінесе
мектептерде балалардан ақша жинау мәселесі көтерілген. Мысалы, Гузель есімді
азаматша Астанадағы № 69 мектепте оқитын балалары үшін жыл басынан бері гүл,
шкаф, диспенсер және тағы да басқа заттарды сатып алу үшін 12 мың теңге ақша
бергенін мәлімдеген. Осындай сұрақтардың қатары қалың. Министрге ата-аналардан
бөлек мектепте ақшаны ұстаздардан да талап ететіні жазылған. Мысалы, Ақтөбе
облысынан Ербол және Алматы қаласынан Вячеслав Красный есімді қолданушылар
ұстаздардан сыныпты жөндеу үшін және ай сайын әншілердің концертіне билет алуға
ақша жинайтынын айтқан. Бұл сұрақтарды министр жауапсыз қалдырмайтынын жазған.
Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және
ғылым министрі:
Сіз өзіңіздің өтінішіңізде өте
өзекті сұрақты көтеріп отырсыз. Мектеп - бұл коммерциялық және тағы да басқа
жайттарға арналған мекеме емес. "Білім беру туралы" заңға сәйкес
мемлекеттік білім беру мекемелерінде педагогтармен оқушылардан ақша талап етуге
қатаң тыйым салынған. Сонымен қатар, түрлі мәдени шығармашылық шараларға Заңға
сәйкес қаржы қарастырылмаған. Жоғарыда аталған шараларға ата-аналар тек ерікті
түрде ғана қаржы бөлуі тиіс. Сондықтан сіз және сіздің балаңыз ондай
іс-шараларға барудан бас тартуға толықтай құқығыңыз бар.
Берік ХАСЕНОВ