Бұдан
былай жалған ақпарат үшін жауапкершілік мемлекеттік мекеменің бірінші басшысына
жүктеледі. Және лауазымды тұлға айыппұлды өз қалтасынан өтейді. Өйткені мемлекеттік орган ақшасы - халықтың қаражаты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев "Ақпаратқа
қолжетімділік" заңын талқылау барысында осыны мәлімдеді. "Әкімшілік
заңбұзушылық туралы" кодексіне сай бұл үшін 30-дан 100 АЕК көлемінде
айппұл қарастырылған. Сондай-ақ, депутат бизнес субъектілерінің де
жауапкершіліктерін айқындады.
Мәулен
Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Егер
де бизнес субъектілері бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты қандай да бір ақпаратты біле тұра,
оны жасырып немесе уақытылы жария етпесе, бұлар да жауапкершілікке тартылады.
Мұнда да нақты бір заңды тұлғаның жауапкершілігі көзделуде.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА