Русский Сайттың толық нұсқасы

Ә.Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтеді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2015
  • 2096

Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтеді. Халықаралық ұйымның 38-сессиясында осындай қаулы қабылданды. Бұл шара Алаш көсемінің 150 жылдығына орайластрылып отыр.

ЮНЕСКО-дан сүйінші хабарды ақпарат құралдарына танымал алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері жеткізді. Әлихан Бөкейхан - ХХ ғасыр басындағы даңқты мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі. Ғұлама ғалым, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, заңгер, экономист, агроном, көсемсөзші. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасы қазір 16 томнан астам жинақты құрайды. 

Берік Уәли, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі:

Біз осы Алаш аманатына адалдығымызды танытып, 2008 жылдан құрылған "Аманат" интеллектуалды клубы бар, сонда тұрақты түрде жылына бірнеше рет осы Алаш тақыбырын көтеріп, оралып отырамыз. Осы жердегі отырған азаматардың бәрі - оның тұрақты спикерлері, баяндамашылары. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ