Русский Сайттың толық нұсқасы

Тұтыну тауарларын сататын кәсіпкерлер саммитінде ритейлерлер мәселесі тағы көтерілді

  • AstanaTV
  • 12 қараша 2015
  • 1076

Қазақстанда жеке кәсіпкерліктің экономикалық қиындықтарға төзімділігін тексеретін кезең туды. Тұтынушы үшін күрес, тауарды саудалаудың жаңа әдістері қандай болмақ?!  Бүгін бұл мәселе Алматыда өткен азиялық ритейлер мен дистрибьютерлердің бизнес-самитінде көтерілді.

Елімізде күнделікті тұтыну тауарларына деген сұраныс күрт төмендеген. Ендеше кәсіпкерлер де қалыптасқан жағдайға қарай өз бизнесін бейімдеуі тиіс. Экономикалық дағдарыс бизнес жоспарларды қайта қарап, заңдардың оңтайландыруын қажет етіп отыр. Айта кетейік, ритейлерлер - шетелдік танымал брендтерді Қазақстанға әкеліп саудалайтын бизнес өкілдері. Жақында ірі сауда кешендері теңгенің құнсыздануына орай осы ритейлерлер үшін сауда алаңдарының жалға беру құнын көтеріп жіберген болатын. Бүгінгі жиында тараптардың әлі де келісімге келмегені белгілі болды. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жібек Әжібаева, «Атамекен» ҰКП сауда комитетінің хатшысы:

Қазір жалға беретіндер өздерінің бағасын көтере салса, оны біздің шағын кәсіпкерлер оны қолдай алмайды. Сондықтан осындай үлкен-үлкен сауда кешендерінен шығып, басқа сауда орталықтарына кіріп жатыр. Оны да жалға берушілер бақылап отыр.

Теңгенің құбылуы сауда нүктелерін жалға алу құнын да құбылтып тұр. Жалға берушілер де бір жақты шешімге келе алмай отыр. Себебі ірі ойын-сауық кешендерінің иелері де банктерден несиені доллармен алған. Сондықтан бұл мәселе үш жақты шешілу үшін бүгінгі саммитке екінші деңгейлі банк өкілдері де шақырылыпты. Деволопперлер мен қаржы институттары өзара келіссе, ритейлерлер мәселесі шешіліп қалуы мүмкін дейді, кәсіпкерлер. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ