Астанада «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ
халықаралық медиа форум өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық
мерейтойы аясында ұйымдастырылған шарада елдегі біртектілік пен бірлікті
нығайту, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиынның
мақсаты - Президенттің бастамасымен қолға алынған қоғамдық келісім мен
жалпыұлттық бірлікті насихаттау. Іс-шараға Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бағлан Майлыбаев
қатысты. Сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ пен
этномәдени бірлестік мүшелері шақырылған. Форум делегаттары қатарында Қытай,
Ресей, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжаннан келген сарапшылар мен Қазақстанда
тіркелген шетелдік журналистер де бар.
Розақұл
Халмұрадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Мәңгілік
ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру халыққа, Президенттің 5 институционалдық
нормасындағы 4-ші бағыт - біртектілік, бірлік, сол бағытты орындау үшін халық не
мәселелерге көңіл бөлу керек, не мәселені айту керек, міне, сол төңіректе бүгін
сөз болды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА