Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан халқы Ассамблеясының» татулық моделін әлемдік ұлтаралық қақтығыстарды шешуде пайдалану ұсынылды

  • AstanaTV
  • 13 қараша 2015
  • 1547

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» татулық моделін Таяу шығыс елдері және әлемдегі ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарды шешуге қолдануға болады. Бұндай ұсынысты Астанада өткен «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форумында Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Арабия» телеарнасының жүргізушісі жасады. Брифинг барысында сондай-ақ әлемдік БАҚ-тың медиациялық функциялары жайында көп айтылды. Яғни әрбір ақпарат құралы бірінші кезекте оқиғаны бұрмалаусыз беретін объективті дерек көзі болуы шарт.

Тофиг Аббасов, «NEW BAKU POST» газетінің бас редакторы /Әзірбайжан/:

Журналисттің бірінші міндеті - болған оқиғаны баяндау. Ал одан кейін барып ой қорыту, сараптама жасау басталады. Біздің міндет - бастапқы ақпаратты сол күйінде факт ретінде ұсыну. Бір оқиға айналасында халықтың топ-топқа бөлінуі, журналисттердің өз пікірін қосып айту әдетінен басталады. Сондықтан біз оқиға мен қоғам, мекеме мен қоғам арасын жалғайтын көпір болуымыз тиіс. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ