«Евраз» туралы. Құлаққа да, жүрекке де, ми-ға түрпідей тиетін сөзді айтқан «Познер» бағдарламасына Познермен сұхбаттасуға келген Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Леонид Слуцкий.Ол «Еуразиялық одақ аумағында ортақ валюта енгізіледі, бұл бағытта одақтас елдердің Орталық банктері жұмыс жүргізіп жатыр»- деп мәлімдеген-ді. Думадағы ТМД, еуразиялық интеграция және шет мемлекеттердегі қандастары жөніндегі комитеттің төрағасы алдымен Нұрсұлтан Назарбаевтың ортақ есеп айырысу бірлігі туралы 2011 жылғы пікірін еске салды.Сондай-ақ, «дағдарысқа байланысты да бұл процесс кешеуілдеп жатыр»- деді. Познер студия қонағымен жаңа валютаның атауын да талқыға салды. -"Рубль" болып қалуы мүмкін бе- дегенге, Слуцкий -жаңа валюта "евраз" деп аталуы ықтимал, бірақ әлі ақылдасамыз-, деп қайырды.
Леонид Слуцкий, РФ Мемлекеттік Думасының ТМД және еуразиялық интеграция
жөніндегі комитетінің төрағасы:
Жақында бізде есептесетін ортақ бірлік пайда болады. Қазіргі уақытта орталық
банктер осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Әрине, бұл 2011 жылға қарағанда
әлдеқайда қиындау. Дағдарыс та кесірін тигізіп тұр. Бірақ жұмыс жүріп жатыр, ол
аса қажет. Сондықтан ерте ме, кеш пе пайда болады. Әрине, ол оңай болмайды.
Будет называться рублем все-таки?
Может быть, «ЕВРАЗ» какой-нибудь.
Ал АқорданыңFacebook желісіндегі ресми парақшасында
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев,-Еуразиялық одақ
шеңберінде ортақ валюта енгізу күн тәртібінде тұрған жоқ,- деп мәлімдеді.
«Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі
мен ЕАЭО-ң ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе
интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ».
Ал «Астана» арнасының жолдаған ресми сауалына еліміздің Ұлттық банкі былай деп ресми жауап
қатты: Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ валюта енгізу мәселесі
талқыланған емес.
В.Познер,
Еуразиялық экономикалық одақтың экономикадан гөрі саяси астары қалың екенін
айтқызғысы келіп, Слуцкийге «бұл одақтан қарапайым ресейлік не ұтады, бюджеті
тесік республикаларды сүйрегеннен не пайда» дегенге саятын сауалдарды тықақтап
қайта-қайта қойған. Бірақ әккі саясаткер Слуцкий, «экономикалық пайдасы көп»
деуден танбады. Әйтсе де оның бүккен саусағын «ашып» беретін сөзін бәрібір
таптық.
Леонид Слуцкий, РФ Мемлекеттік Думасының ТМД және еуразиялық интеграция жөніндегі комитетінің төрағасы:
Қазіргі уақытта біз еуразиялық континенте негізгі ойыншылардың біріне айналатын ЕЭО сияқты күшті инфорақұрылымдық жобаларды қолға алған кезде және басталған Жібек жолы жобасы да орыс тілінде сөйлейтін республикалардан өтеді, - орыс тілінде сөйлеу керек. Егер бізден кейін келетін ұрпақ орыс тілінде сөйлемесе, мен әлдилеп айтып отырған барлық ұлы интеграциялық жобаларды «Вавилон мұнарасының» тағдыры күтіп тұр.
Бұл
одаққа «таза экономикалық одақ» деп қарау керек дейтіндер үшін тағы бір деталь
– одақтың бір жылдығына орай, Еуразиялық экономикалық комиссиясы одаққа мүше
мемлекеттерге ескерткіш монеталар шығаруды ұсынған – Қазақстан ұсынысты құп
алып, монетаны дайындады. 500 теңгелікте Еуразиялық экономикалық одақтың
логотипі бедерленген. Одақ мүшелерінің ұлттық өрнектерімен айшықталыпты.
Таза күмістен құйылған. 925 сынама. 1
мың данамен. Егер Одақ, ресми түсіндірілетініндей, қарапайым кәсіп иелерінің
шыңдалып, байи түсулеріне, жалпы экономикалық әлеуетті арттырып, кең тыныстауға
ықпалдасып отырса, монета шығару ісінде аз-маз логика қылаң береді. Ондай емес
ғой?! Сонда ненің құрметіне? «Біз біргеміз» деген бір жағы жағымпаз жаттанды,
бір жағы уыста ұстау өктемдігінен тарайтын саясат па? Әлі таза экономикалық пайдасы көрінбеген
одақты ескерткіш монетамен әспеттеудің астары - миларда жазылып, сақталуы ма?!
Оның жауабын Мәскеуде отыратын одақтың атқарушы органы - Еуразиялық комиссия
біледі...