Русский Сайттың толық нұсқасы

«Өзге пікір» айдары

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2015
  • 1426

Қаржылық дағдарыс деп біз даурығып жүрміз, ал Алматылық бомонд түк қиналып жатқан жоқ сияқты. Өткендегі келісі 10 мың теңгеден сатылған «алтын» қызынақтар естеріңізде ме. Сөйтсек, оған қалталы жұрттың қызығушылығы артып, әлгі «алтын» қызанақтар енді «платиналы» қызанаққа айналып қымбаттап кеткен. Сатушылар келісі үшін 17 800 теңге сұрап тұр. Және сұраныс бар. Сол сауда орталығында эксклюзивті швейцария сырының бағасы (ірімшігі дейміз бе) да «тістеп» алады. Келісі 17 000 теңге тұрады. Мұндай қымбат тамақты жейтін ауыздар да «алтын» шығар. «Алтын» ауыздар, ыдыстары алтын жалатылған премиум класс деп саналатын мейрамханаларға барғыш.Ал көпшіліктің түсіне ол жердегі тағам түрлері түгіл, олардың бағасы да кірмейді. Ал баға бағалы. Мәселен, камчаткадан келген краб 35 420 теңге. Ал олардың сирақтарын жегіңіз келсе, 100 грамы үшін 7 920 теңге төлейсіз. Сиыр етінен дайындалған стейк 12 мың теңгеден асады. «Алтын» тағамдардың бәрін тізіп болмаспын. Жұрт не деп жатыр екен. 

Пікірлер: http://www.nur.kz/950690-polcarstva-za-obed-gde-v-almaty-poprob.html

Аноним:

Халықты жеп, енді біздің алдымызда понт көрсетіп жүр адамдар.

Аноним:

Бұл тағамдар менің түсіме де кірмейді. ((( Жалақым 83 000 теңге, күйеуім жұмыссыз, мұндай мейрамханаларға барғың келеді, әрине.

Аноним:

Адал ақшаға ондай жерге бармайсың.

Аноним: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді

Аноним:

Онсыз да ашулы адамдардың ашуына тимеңдер!!!

Аноним:

Ол жерлерге еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейін белгілейтіндер мен олардың балалары барса, таң қалмаймын.

Миллиондарды ұрласаң қаржылық дағдарысты масаның шаққанындай да көрмейтін шығарсың. Апта сайын бір шенеунік ұсталып жатады. Бірақ жүйелі ұрлық азайғысы келмейді. Қаржы министрлігінің республикалық жылжымалы комиссиясының төрағасы, «Жамбыл облыстық қаржылық бақылау инспекциясының бастығы  Қанат Түреқожаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 4,6 млн теңгені «Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт» басқармасының бас есепшісінен алыпты- деп хабарлайды ақпараттық порталдар. Түреқожаев мемлекеттік мекемеге бюджет қаржысының мақсатты игерілуін тексере келген. Сөйтіп параны қалтасына басып, тексерістің нәтижесін керемет қылып көрсеткен. Бірақ пара алғыш шенеунік миллиондардың қызығын көре алмады. Қазір уақытша тергеу изоляторында отыр. Бюджеттің бүйірінен миллиондарды ұрласаң, бағанағы айтқан премиум класстағы мейрамханалардың тұрақты клиенті болатын шығарсың. Қаржы министрлігінен келген тексерушінің аузын парамен жапқан «Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт» басқармасы басшылығының жағдайы не болар екен. Интернеттегі әлеумет пікірі.

Пікірлер:

http://tengrinews.kz/crime/glava-vyiezdnoy-komissii-minfina-zaderjan-vzyatku-46-283750/

Fedor:

Бұл тек біздің спорттағы жағдай)))))))), ал егер тендерлерді тексерсе не болады)))))))))) доллардың неге көтеріліп жатқаны енді түсінікті болды. Осылай өздері тенге жинап алады да, сосын долларға ауыстырады))).

Арам емес:  

Жаңа түрмелер салу керек. Жақында жарты елді отырғызатын шығар. Жартысы отыр, жартысы күзетіп жүр.

Jango:

Егер 4,6 млн теңге пара берсе, сонда өздері қанша ақша ұрлаған. 4,6 млн қолды болған қаржының 10 пайызы емес шығар...

Әлеке (Шымкенттік):

Енді сот шешімімен мемлекетке 46 млн теңге қайтаратын шығар. Сосын ары таза адам ретінде бостандыққа шыға қояды.

Дмитрий:

Сосын "Шахтер", "Тұлпар", "Болат" сынды клубтардың қаржыландыруына ақша табылмайды. Спортшылар газет арқылы елден ақша сұрап әлек болады. Ұят-ай!

Шынымен де ұят. Сосын елде футбол дамымай жатыр деп қынжыламыз. Осымен тәмам.