Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбындағы байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2015
  • 1856

«Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбын арқау еткен үш республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Аталған байқаулар «Жемқорлықсыз ел - гүлденген мемлекет» атты партиялық жоба аясында ұйымдастырылған. Жемқорлыққа қарсы карикатуралар байқауында 3 адам жеңімпаз атанды. Ал "Жемқорлықсыз Қазақстан" тақырыбындағы әлеуметтік жарнамалар байқауында үздік бейнебаян авторлары анықталды. Мұнан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу бойынша мектеп оқушылары арасында өткен олимпиадада үздік жеткіншектер топ жарды. Ұйымдастырушылар бұл тақырыпқа жастардың ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Үш шараның өзіне шамамен 7 мыңнан астам студенттер мен оқушылар қатысты Қазақстан бойынша. Ол өте үлкен мультипликативті эффект берді деуге болады. Себебі әрбір бала дайындық, қатысу барысында қасына замандастар, құрдастарын сыбайлас жемқорлық деген не, онымен біз не үшін күресуіміз керек, оның қоғамға келтіретін қандай дерті бар, осы жөнінде талқылады. Солай әрбір қатысушы екі есе, үш есе адамды қамтыды деуге болады.

Барлық жеңімпаздарға «Нұр Отан» партиясы тарапынан Құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ естелік жүлделермен марапатталды. Ақшалай сыйлыққа ие болғандар да бар. Байқауға қазылық еткен белгілі сатирик Көпен Әмірбек қоғамдағы жемқорлық індетін көпшілікке жариялап, жең ұшынан жалғасқан сыбайластарды әшкере ету арқылы да емдеуге болады деген пікір айтты. Байқау жеңімпаздарының бірі Мұхтар Бейсенбаев өзінің бейнебаянында жемқорлықтың салдары жайында жан-жақты түсіндіруге тырысқан.

Мұхтар Бейсенбаев, «Жемқорлықсыз Қазақстан» байқауының жеңімпазы:

Сыбайлас жемқорлық жасаған адам заң бойынша қандай жазаға тартылады, сол бойынша түсірдік. Ол болашақта жарияланады ақпарат құралдарында.