Русский Сайттың толық нұсқасы

Параллельдер...

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2015
  • 1867
Немістің  Der Spiegel басылымында шолушы Маттиас Шепптің «Путин жоспары» деген мақаласы басылды. «Соңғы күндері В.Путин айналасында ерекше тыныштық. Синай түбегінің аспанында ресей лайнерінің апатқа ұшырағанына 2 апта өтті, ал Ресей президенті оның себептері туралы үндер емес. Ал ұшақты өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын террорлық ұйымның филиалы жарып жібергеніне нұсқайтын дәлелдер көбейіп жатыр» - дейді шолушы.

 «Путин өзі мен апат арасында барынша дистанция ұстағысы келетін сияқты. Ресейдің Сириядағы әскери интервенциясы мен ажал құшқан 224 адамның арасында ешқандай ассоциация болмауы үшін. Ол өзін саясатта ва-банкке баратын президент етіп көрсеткісі келмейді... ». Шепп, Ресейде «нерв көтеріліп» кеткені сезілетінін жазады...

Айтпақшы, еліміздің Азаматтық авиация комитеті туристік компанияларды бұдан былай Египетке  жолдама сатпауға шақырды. Ал әуе компанияларына -рейстерді тоқтатқан дұрыс-, деген. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Шарм-эль-Шейх әуежайына ұшып-қону аса қауіпті екенін ескерткен еді...

Бұл тақырыптың екінші бір қатпары - адамдар, қазіргі жағдайда ауқаттылар дейікші, тіпті сондай мазасыз аймақта да демала береді. Сауық-сайран құра береді. Рахаттана береді. /келісі 17 мың теңгенің помидоры ше?!/  Тіршіліктегі параллельдердің көптігіне бір мысал - Шарм-әл-Шейхтен Илхам Ибрагимнің тележазбасы. 

Әдетте  Мысыр ең шұғыл, әрі қаралы жаңалықтар тарайтын елдердің бірі. Бірде билігін төңкеріп тастайды, бірде «Мұсылман Бауырлар» ұйымын билікке қояды, артынша оларды да «қуып жібереді», ал бірде ...адамдарды акула жұтып қояды. Оған соңғы оқиға - ұшақ апатын қосыңыз. Бірақ мұнда бір қала бар, оны көпшілік «Алланың назары ауған қалашық» дейді. 

Бұл Шарм-Әл-Шейхтегі «Домина» курорт қалашығы. Таяқ тастам жерде Израиль жатыр, өзі атышулы Синай жарты аралында орналасқан. Бұл жерді осыдан 20 жыл бұрын италиялық миллиардер Эрнесто Преатони сатып алған.

Шетелде туристердің көңілінен шығу үшін бар жағдайды жасайды. Мысалы мынау Египеттегі  Шарм-Эль-Шейх қаласында орнналасқан демалыс орны. Мұны қала ішіндегі қала деп айтуға да болады, өйткені мұнда демалушылар үшін де, осыннан вилла сатып алып тұрып жатқан бай-бағландар үшін де бәрі бар. Дәмхана, емхана, клуб, казино. Тіпті мектеп те бар. Айтпақшы мұнда жақында орыс тілді мектеп те ашылатын көрінеді. Өйткені неге екені белгісіз орыстар мұнда көптеп келе бастаған. Бұл жердегі қолайлы жағдайларға 24 сағат бойы осы қалашықта тегін қатынайтын автобустарды қосыңыз.  

Дәл осы автобуспен жаңа айтқан Преатонидің үшінші ұлы Роберттің үйіне аттандық. «Домина» қалашығына жетекшілік ететін сол кісі, миллионер. 

Роберт Преатони, «Домина» қалашығының иегері:

Дәл осы жер өте ерекше, өйткені азаматтық соғыс кезінде тек осы Синай аралындағы қалашыққа ешкім тиіскен жоқ. Оған өзіміз де таң қалдық. Содан кейін бәрі бұл жерді Алланың назары ауған жер деп атап кетті. Алғаш келген кезімізде мұнда теп-тегіс, құмды аймақ болатын. Сосын біз туристік қалашық саламыз деп шештік. Өйткені дәл осы жердегідей теңіз ешқайда жоқ. Салуын салдық, бірақ туристер келмейді. Сөйтсек әуежай жоқ екен. Сөйтіп Шарм-әл-Шейхтегі шағын әуежайды өзіміз тұрғыздық. Қазір күніне ондаған ұшақты қабылдап жатыр.

Ұшақты қабылдайды, ұшырады. Бұл жердің аспанында әуе кемелері өте көп. Жай емес, әскерилері де бар. Өйткені орналасқан жеріне назар аударыңыз. Сирия, Ливия, Израиль және тағы басқа атының өзі қорқыныш ұялатынын елдердің ортасында тұр.

Флабио Гранато, «Домина» қалашығының қызметкері, Италия азаматы:

Смотри, люди не боятся  сейчас. А когда люди идут в турагентство, я спрошу «Я хочу в Шарм-эль-Шейх». Турагенство начинает спросить «Ты серьезно хочешь, ты не испугал?». Если я не испугал, а турагенство спросил «я не испугал?».  Я начинаю испугал. Люди которые приезжат сюда, они не испугаются не от чего. Как вы видите, здесь ничего, зачем испугал.  

Карлотта да бұрын «Мысыр» десе қорқатын, қазір осы жерде жұмыс істейді. Гимнасшы. Жалақысы айына бір жарым мың еуро. Айтуынша мұнда келушілер Таяу Шығыстағы жарылыстардан емес, кризистен көбірек қорқатынға ұқсайды.

Карлотта  Барлосино, гимнасшы:

Жоқ. Демалушылар бомба туралы айтпайды. Олар үшін бомба бұл – кризис. Бәрінің айтатыны сол. Оған бола аса қайғырып жатқан біз де жоқпыз. Айналаңа қарасаң дағдарыс жоқ сияқты. Бәрі демалып жүр.

Байқасаңыз мұнда италиялықтар өте көп. Демалушылардың 80 пайызға жуығы да солар. Түсінікті де -  демалыс орнын салған италиялық. Сондықтан олар үшін Италияның кіл жұлдыздары да осы жерде ән шырқайды...

Театр труппасы да жұмыс істейді. Міне, әйгілі «Клеопатро» қойылымымен көрермен ықыласына бөленіп жатыр. Біз италиялық әртістердің орыс тілін еркін меңгеріп алғанын да бірден байқадық. Өйткені ресейліктер де мұнда жиі келеді. Бәрі мәз-мейрам. Шеттен қарасаң шынында дағдарыс жоқ сияқты. Бірақ оның бар екенін және оның қолдан жасалып жатқанын, дағдарыстың көкесі ресейде екенін миллионер Преотониден артық ешкім білмейді. Ол әрине, санкцияларды жақтырмайды. Бизнесмен үшін ақша жоғалтқаннан артық трагедия жоқ.

Роберт Преатони, «Домина» қалашығының иегері:

Еуропа елдерінің Қырым оқиғасынан кейін ойланбай, байыбына бармай Ресейге қарсы жасаған санкцияларының зардабын біз және санкция салған елдердің өздері тартып жатыр. Өйткені Ресеймен сауда-саттық, туристік легті дамыту* біріншіден Еуропаның өзіне тиімді. Осы қарсы әрекеттердің салдарынан рубль де құлдырады. Бұның кесірінен шетелде демалғысы келетін туристер саны да кеміп барады.  

Туристердің және олардың ақшаларының азайып бара жатқанын мына саудагерлер де жақсы біліп, сезініп отыр.

Саудагерлер «соңғы кезде саяхатшылар қатты саудаласатын болды» деп қояды.

Шәкір,  сатушы:

Все хотели торговаться. Потому что из за рублей. Все говорят рубль упал, все говорят «это дорого, это дорого. Деньги нету, вообще рублей мало. Мало возьму» Будут торговаться.

Мұндағылар туристердің тілін тауып, пайда табу үшін талай қулыққа барады. Мысалы бірнеше күннің ішінде келушілердің тілін біліп алады. Сосын сол тілде сөйлей бастайды. Оған қоса қай елден соң деп сұрайды. Оны білген соң «Жерлесіңмін» деп шыға келеді.

Сөйтіп алып дүңгіршегіне ертіп әкеледі де, қолөнер бұйымдары мен киім-кешегін сатуға асығады.

Бұлар бірден «Қазақстаннан болсаңдар неге орысша сөйлейсіңдер, әлде тілдерің жоқ па?» деп сұрақты төтесінен қояды. Ал біз іштей кірерге тесік таппаймыз да, «жоқ а, қазақтар бірнеше тілді біледі, саған қай тілде ыңғайлы сөз тілде сөлейміз» деп мақтанғандай боламыз. Өздері бірнеше тілде сайрайды.

 На практике, когда каждый день новая слова. Просто я много общаюсь с людьми. Каждый день, новые слова. Казахский не знаешь? Салам, Казах! Только это, да!  Самый хороший итальянский потом русский, английский, арабский. Итальянский язык это легкий, сложнее это русский.  

Сөз басында айттық - италиялықтар көп. Бұл жерді «Мысырдағы Италия»,- деп атайтыны да сондықтан. Дәулеттілер әулеті Преатонилер бизнесін бұрынғы кеңестік кеңістікке де енгізіп отыр. Бірақ Қазақстанды туристік аймақ ретінде қарастырмайды.  

Роберт Преатони, «Домина» қалашығының иегері:

Мен шағын Қазақстанды осы жерден салғым келеді. Бұл біз үшін де, біздің туристер үшін де өте қызық болар еді деп ойлаймын. Айтпақшы біз бұрынғы Кеңес одағының елдерімен тығыз қарым-қатынастамыз деп айтуға болады. Біз жеті ағайындымыз. Ешқайсымыздың италиялық әйеліміз жоқ. Бәрі бұрынғы Кеңес одағы елдерінен. Бір ініміз әлі үйленген жоқ, оған Қазақстаннан келін тауып берсек пе деген ойымыз да жоқ емес. Сөйтіп Египеттегі Қазақстанды салуды бастайтын шығармыз.  

Айтпақшы«Египеттегі Қазақстанды» салуды біздің байларымыздың өзі бастағанға да ұқсайды. Дәл осы қалашықтан вилла сатып алғандары, алуға құжат дайындап жатқандары, қатты қызығып жүргендері де көп екен.

Ирина Круишина, жылжымайтын мүлік саудасы бойынша кеңесші:

Біз осы «Доминадан» жылжымайтын мүлік сатамыз. Үй мүлік иелері арасында қазақстандықтар да бар. Бір вилла және бірнеше пәтер иелері – Қазақстан азаматтары. Пәтерлер бір және екі бөлмелі. Асханасы, үлкен бау-бақшасы, теңізге қараған балкондары бар. Сіздердің отандастарыңыз осында балаларымен тұрып жатыр.  

Бірақ отандастырымыз өздері жайлы барлық ақпаратты жасырын ұстауды бұйырған. Мұндағылар тіс жармайды.

Ирина Круишина, жылжымайтын мүлік саудасы бойынша кеңесші:

Олардың көпшілігі кәсіпкерлер. Құжаттарда «қазақстандық кәсіпкер» деп көрсетілген. Бір мүлік иесі – дәрігер. Бірнеше отбасының мұнда тек әйелдері мен балалары ғана тұрады. Әкелері Қазақстанда, анда-санда келіп хал-жағдайларын біліп отырады.

Бұл қызыл теңіздің жағасы. Жер мен су Мысырдікі. Ал бұл аумақты итальяндық миллиардер сатып алған. Бұл жер мемлекеттік табиғи қорық. Сондықтан мүлік иелерінің артық қадам басуы заңмен қудаланады. Олар жай ғана су маржанын үгітіп пляж жасау үшін немесе кәдімгі дәретхана салу үшін үкіметтің рұқсатын жылдап күтеді. Үкімет ары күттіреді, бері күттіреді соңында рұқсат береді. Өйткені туризм жергілікті жұрттың табыс көзі. Халықтың басым бөлігі осы арқылы нан шайын айырып отыр.  

Дегенмен аймақтың табиғи қорық екенін ұмытқан емес. Табиғаттың, теңіз жануарларының кемімей сақталып қалуы да сондықтан. Міне, су астындағы көрініс. Теңізде жүзе алмайтын мен түсірген кадрлар. Оны көру үшін су астына сүңгу, керемет жүзу қажет емес екен. Суға бас сұқсаңыз жеткілікті. Балықтардың сан түрі бізбен бірге жүзіп жүре берді.

 Сонымен италиялықтар ең «отты» аймақ, Таяу Шығыста туризмді дамытуға болатынын дәлелдеді. Бұл әрине біз үшін ойланатын жағдай. Соғыстың бетін әрі қылсын, тыныш елде отырып... Жарайды бұл басқа тақырып.

Роберт Преатони, «Домина» қалашығының иегері:

Еуропалық ретінде мен өзіме сұрақ қоямын. Ең жойқын террористік жарылыстар алғаш рет қайда болды? Ол Париж және Лондон. Шындығында қазір терроризм ол халықаралық проблема. Мұны тек Таяу шығыс немесе Египетпен шектеп қоя салуға болмайды. Біз кез-келген жерде лаңкестердің құрығына түсіп қалуымыз мүмкін. Сондықтан бизнес үшін тиімді жер болса ештеңеден қорықпай оны жасауға мүмкіндік бар. Әрине қауіпсіздік басты назарда. Египет пен Израиль арасындағы соғыстан кейін біз әуе және теңіз, құрлықтағы қорғанысымызды үш есе арттырдық. Мұнда мысырлық күш құрылымдарынан бөлек, біз италияның әскери құрылымдарын да әкеп қойдық. Олар осында тұрады, осында жұмыс істейді.  

Доллардың күн санап шарықтап жатқаны, жақында болған ұшақ апатынан кейін ресейліктердің Египетті аттап баспайтыны табысты азайтатыны анық. Бірақ италиялықтардың психолиясы мүлдем басқа.

Флабио Гранато, «Домина» қалашығының қызметкері, италия азаматы:

В Италии кризис есть, как везде. Это экономический кризис. Например это не реально, кто хочет получать деньги, работаеш, работа есть. Кто кричит много «кризис, кризис, кризис» больше думаешь что нету деньги денег нет! +++  Если я смотрю как мы жит, я не чувсвую ничего. Я чувствую люди которые отдыхающие все рады и все нормально!  

Яғни қандай кризис болса да, өмір өзгермейді. Бұл қалашықтан байқанымыз осы. Көрші қалада жарылыс болса да, жақын жерде ұшақ құласа да, Израиль қабақ түйіп тұрса да бәрі бұрынғысынша жалғасып жатыр.

Илхам Ибрагим, Тимур Еркетаев «20.30: Біздің уақыт» Мысыр, Шар-Эль-Шейх».