Русский Сайттың толық нұсқасы

Министр Донақов мемлекеттік қызметкерлерді басшыға сыйлық бермеуге үндеді

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2016
  • 2149

Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов қол астындағыларды басшыға сыйлық бермеуге үндеді. Министрдің айтуынша, бұл кәсіби этикаға қайшы әрі заңмен қудалануы мүмкін. Жарты жыл бұрын құрылған министрлік жемқорлықтың жолын кесуді, ол үшін алдымен жемқорлықты туындататын себептерді жоюды көздейді.

Тағы бір жаңалық - келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер бағалау жүйесі арқылы таңдалады. Бұл мемлекеттік қызмет жүйесін модернизациялау үшін жасалмақ.

Талғат Донақов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрі:

Қандай бір мерейтойға, туған күн немесе өзге де шараға орай кәдесый тарту еткенде тұрған ештеңе жоқ сияқты көрінеді. Бірақ оны бәзбіреулер, не болмаса құқық қорғау орындарының өкілдері түсінбей қалуы мүмкін. Заң талабы, кәсіби этика бар дегендей. Сондықтан айтарым, мемлекеттік қызметкерлер, басшыларыңызға сыйлық жасаудан аулақ болыңыздар. Шектен шығуға болмайды. 

Айжан ҚУАШ