"Ұлттық банк
қазақстандықтардың теңгеге деген сенімін қайтаруы керек". Бүгін Ақордада
бас қаржыгер Данияр Ақышевті қабылдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев осындай
тапсырма жүктеді. Мұнан бөлек Мемлекет басшысы бас банктің долларсыздандыру
саясатын жалғастыру керектігін де қадап айтты. Әлеуметтік жағынан әлсіз
топтарды қолдап, инфляция деңгейін қадағалау жайын айта келе, халықты сабыр
сақтауға шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Теңгенің еркін бағамы
жағдайында төтенше ештеңе болып жатпағанын халыққа түсіндіру керек. Экспортқа
шығатын металл, мұнай мен газ бағасының төмендеуі төл валютамызға ықпал етуде,
бұл - табиғи үдеріс. Сонымен қатар, инфляция деңгейін, халықты әлеуметтік
маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету ісін қадағалап, әлеуметтік әлсіз топтарға
көмек көрсету жағын қарастыру керек. Облыс әкімдері осы мәселелерді бақылауы
тиіс.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық
банкінің төрағасы:
Елбасы бірқатар нақты
тапсырмалар жүктеді. Атап айтсам, ақша-несие саясатына, елдегі қаржы
тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ банктердің экономиканың нақты секторын
несиелеуіне байланысты.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА