Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаулықтар электр қуатын шамадан тыс пайдаланып жатыр

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2016
  • 1655

Ақтаулықтар жарыққа зәру! Әсіресе, күн ысығалы бері тұрғындар электр қуатын шамадан тыс пайдалануға көшкен. Кесірінен сымдар балқып, пәтерлердегі тұрмыстық техникалар күйіп жатыр. Коммуналдық қызмет өкілдері «халық ескертуді елемейді» деп ренжулі. Тұрғындар арасында үйіне екі кондиционер қойып алғандары да бар. Тексеріс барысында 140 пәтерде 170-ге жуық салқындатқыш қондырғы бар екені анықталған. Қуаттың жеткіліксіздігінен, Ақтауда бүтін бір ықшамаудан қараңғылықта отыр.

Людмила Мирошникова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Салқындатқыш қондырғысы біз тұратын көпқабатты үйде тым көп. Қабырғаның артында да, алдында да бар. Электр қуаты жетпей жатыр. Ыстықтап, терлеп отырмыз. Электр мамандарына хабарлассақ, «келеміз, сымдарды жөндейміз" дейді, бірақ ештеңе өзгерген жоқ.

Жарық жүйесіне жауаптылар, кондиционерлерді азайту арқылы қуат тапшылығын шешпек ниетте. Салқындатқыштың екіншісін орнату үшін пәтер иесі бірнеше мекемеден рұқсат алуға міндеттелмек. Бірақ әзірге ұсыныс қолдау тапқан жоқ. Сондықтан қуат көзі әлі де жеткіліксіз. Ақтауда  жыл сайын 40 шақырымдай электр сымдары ауыстырылады екен. Қазір қаланың төменгі және жоғарғы бөлігіне екі электр стансасын салу қаралған. Тек оның құрылысы келер жылы ғана аяқталады. Мамандар оған дейін кондиционерді дұрыс падалануға кеңес береді.

Василий Галкин, Ақтау электр жүйелері басқармасы МКК бас инженері:

Әрине, кондиционер бірден салқындата қоймайды. Бірақ дұрыс пайдаланса, тоқ бәріне де жеткілікті болар еді. 24-26 градусқа қою керек. Егер 16-ға қойса, ол жұмыс істемей қалады.