Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент зообағы сирек кездесетін кесірткелерді көбейтуді қолға алды

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2016
  • 3351

«Қызыл кітапқа» енген сұр кесірткелер табиғи жағдайда көбейетін болады. Шымкент зообағы жаңа ғылыми жобаны қолға алды. Бауырымен жорғалаушылар тобына жататын кесірткелер бұған дейін террариумда тіршілік етіп келген. Алты кесіртке арнайы қоршауға жіберілді. Оның үшеуі аналық, үшеуі аталық. 15 соттық жер табиғатқа бейімделіп жасалған. Зообақ қызметкерлері қызылқұмның құмын арнайы әкеліп төктірген. Кесірткелер қашып кетпеу үшін де қауіпсіздік жағы ескерілді, - дейді мамандар. Бұл жоба Алматыдағы зоологиялық институт ғалымдарымен бірігіп жүзеге асырылуда. Алдағы күндері кесірткелерді бақылауда ұстау үшін бейнекамералар орнатылмақ. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, кесірткенің бұл түрі тек Орта Азияда кездеседі.

Рая Долгова, «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК террариум бөлімінің басшысы:

Кесірткенің  өте сирек кездесетін бұл түріне дүниежүзіндегі көптеген зообақтар қызығушылық танытады. Жобаның мақсаты - біздегі кесірткені табиғи жағдайда көбейтіп, өзімізге қажетті аң-құстармен алмастыру. Табиғатта бұл кесірткелер азайып кеткендіктен, қоршаған ортаға жіберіп отыруды көздедік.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ