Құрылыстағы қайғы.
Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кетті. Бұл туралы елорданың
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқыс оқиға салдарынан
үш монтажшы қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген.
Төтенше жағдай 11
сағат 04 минутта «Астана қаласы көп бейінді мұз сарайының» құрылыс алаңында
болған. Еңбек инспекциясы бойынша басқарманың мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты
комиссия құрылған. Расталмаған дерек бойынша, биіктен құлаған 6 жұмыскердің
барлығы - Косоводан келген.
Аягөз
Фазылова, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің
жетекшісі:
Қаза тапқандардың
бірінің кім екені анықталды, ол 1981, 83, 76 жылы туылған азаматтар. Қалған
үшеуі 1979 жылы, 1956 жылы және 1969 жылғы туылған азаматтар политравмамен №2
қалалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, Косово Республикасының
азаматтары.
Берік ХАСЕНОВ