Астана
күнінің 17 жылдығы мен 75 жастық мерейтойға
орай ел азаматтарынан келіп түскен құттықтаулар мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевты терең толғандырды. Президент әсіресе мектеп оқушыларынан
келіп жеткен құттықтау шумақтарын ерекше жылы лебізбен қабылдапты. Мыңдаған
хатқа жеке-жеке жауап беру мүмкін болмағандықтан, Елбасы құттықтаушыларға
алғысын бейнеформатта жолдады.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Астана
күнімен қабат келген мерейтойыма арналған ең қымбат сыйлық - Қазақстанның
жеткен жетістіктері. Өмірін мемлекеттің мерейлі, халқымның бақытты болуына
арнаған мен үшін көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ. Осындай қолдау,
әрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды
орындауға күш береді. Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен
зор ризашылық білдіремін!
Азамат АЛДОҢҒАРОВ