Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық студенттер жемқорлық деректер жайында арыз-шағымдарын whatsApp мессенджеріне жолдай алады

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2015
  • 1217

Өткен жылы жемқорлыққа қатысы бар әрбір алтыншы қылмыс білім саласында тіркелген. Бүгін «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық бөлімінде жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан студенттердің 83 пайызы жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын түсінбейді. Жастардың 70 пайызы оқу орындарындағы «бармақ басты көз қыстыны» заңға томпақ деп тапса, 15 пайызы оны қалыпты құбылыс деп санайды.

Ал жаңа оқу жылынан бастап астаналық студенттер оқу орындарында болған парақорлық, жемқорлық фактілер жайында мессенджер арқылы арыздана алады. Қалалық жастар саясаты басқармасының арнайы желісіне студенттер, ата-аналар және оқытушылардың өздері де шағымдана алады.

Сапар Ахметов, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Жас кәсібилер қоғамы» бірлестігі студенттер арасында сауалнама жүргізді. Оған қатысқандардың 55 пайызы емтихан, сынақ тапсыру және жатақханаға орналасу жүйесін жемқорлық жайлап кеткенін айтты. Сондай-ақ, көптеген оқу орындары түлектерден жұмысқа орналасқаны туралы жалған анықтама талап етеді. Бұл университеттің кейінгі рейтінгіне әсер етеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ



{+