Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясы төралқасының отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2016
  • 1112

Мәжілісте «Нұр Отан» фракциясы төралқасының отырысы өтті. Оған фракция жетекшісі Гүлмира Исимбаева төрағалық етті. Жиында инфрақұрылымдарды дамытудың 2015-19 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалу жайы қаралды. Жүзеге асырылып жатқан нысандардың тізімін құрып, жазда болатын көшпелі отырыстардың кестесіне қосу ұсынылды. Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуын бақылау үшін фракция жанынан 5 арнайы комиссия құрылған.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясы жетекшісінің орынбасары:

Комиссиялардың басты мақсаты - бұл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарласының орындалуын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтар болса, оны анықтап, тиісті органдарға жіберу. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаттары бар, өңірлердегі депутаттар бар, осылардың өкілеттілігін жалпы бағдарламаға орындалуына жұмылдыру.

Берік ХАСЕНОВ