Сыртқы істер министрі Ерлан
Ыдырысов Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық
институттар және адам құқықтары бойынша бюросы миссиясының жетекшісі Борис
Фрлецпен соңғы кездесуін өткізді.
Сыртқы ведомство басшысы халықаралық
ұйымның сайлаудың тиімді өткенін және осы саладағы алға жылжушылық барын айтып, жақсы баға бергенін ескерді. Және шетелдік меймандарға Парламент Мәжілісі
сайлауы кезінде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде
байқаушылар сайлау заңдылығын одан әрі жетілдіру бойынша алдағы уақытта да
қолдау білдіруге дайын екендерін жеткізді. Айта кетерлігі, Еуропа қауіпсіздік
және ынтымақтастық ұйымы бюросынан Праламент сайлауына 286 байқаушы келген
болатын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ