Русский Сайттың толық нұсқасы

Марафоншылар Қазақ хандығының мерейтойына орай 550 шақырымды 10 күнде жүріп өтпек

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2015
  • 1781

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, белгілі марафоншылар 550 шақырымды 10 күнде жүріп өтпек. Көкшетаулық қос спортшының мұндай бастамасы «Нұр Отан» партиясынан қолдау тапты.

Өткен демалыс күндері Балғабай Құлпейісов пен Қалибек Әбілов 550 шақырымдық қашықтықты бағындыруға жолға шықты. Марафон кезінде үш жүздің басын қосқан хан Абылай Ресей, Қытай және Бұхараның елшілерін қабылдаған Көкшетаудағы Абылай хан алаңынан басталды. Желаяқтардың жүгіру шарасы Ақмола облысы, Астана және Қарағанды өңірі арқылы өтіп, Ұлытау жерінде аяқталмақ. Алпысты алқымдаған танымал марафоншылар ұзақ қашықтықта жүгіруге тыңғылықты дайындалған. Бастаманың мақсаты - тарихқа тағзым ету әрі бұқаралық спортты насихаттау.

Балғабай Құлпейісов, марафоншы:

Абылай хан бабамыз осы жерде 48 жыл ел басқарған. Үш жүздің басын қосқан. Осы Абылайхан алаңынан бүкіл хандарды сайлаған ақ киізге отырғызған Ұлытауда мәреге жетеміз. Алла жазса, 10 тамыз күні.