Астана
қаласы бойынша 12 миллиард теңгеден астам соманың мүлкі жария етілді. Бұл
жөнінде қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі ақпарат
таратуда. Бұл 2015 жылдың 3 тамызындағы жағдай бойынша көрсеткіш.
Сонымен, жария етілген мүліктердің 3
781-і тұрғын үй нысандары, 2165-і тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар. Оның ішінде 482 объект коммерциялық нысанға жатқызылады.
Екінші деңгейлі банктер заңды тұлғалардың 455 миллион теңгеден астам соманы
құрайтын 5 үлестік қатысуын заңдастырды. Осы ретте жергілікті атқарушы
органдардың жанынан құрылған комиссияларға 3 мыңға жуық азаматтан өтініш
түскен. Сондай-ақ хабарламада елордалықтардан шетелдегі мүлкін заңдастыру
бойынша өтініш тіркелмегені жайлы айтылады.
Астана
бойынша 12 млрд 332 млн 585 мың теңге, тұрғын
үй нысандар - 3781, тұрғын үй емес нысандар - 2165, коммерциялық нысандар - 482, банктер арқылы заңдастырылған үлестік қатысу - 5, комиссияға түскен өтініштер
- 3000.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА