Русский Сайттың толық нұсқасы

«100 қадам» Ұлт жоспары ІІМ-де қалай жүзеге асуда

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2015
  • 1038

Полиция қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын тексеру үшін, ішкі істер органдарына кадрларды іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілмек. Бұл «100 қадам» Ұлт жоспарының маңызды бағыттарының бірі. Ішкі істер министрлігінде Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кандидаттар алдымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тестілеуден өтеді. Ал медициналық, полиграфологиялық және психофизикалық тексеруден өту әрбір құқық қорғау органында жүргізілмек. Жыл сайын  қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейі, құқықтық, физикалық дайындығы бойынша сынақ өткізіліп отырады.

Жұмыстың күрделілігі, әлеуметтік пакеттің сәйкесінше болмауы мен жалақының аздығынан жыл сайын шамамен 6 мыңдай полицей жұмыстан шығады екен. «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту да жоспарланып отыр.

Алтынғали Әбдіғалиев, ҚР ІІМ кадрлармен жұмыс департаментінің бастығы, полиция полковнигі:

Мемлекет басшысының үнемі қолдауының арқасында өткен жылдың сәуір айында «Ішкі істер органдары туралы» заң күшіне енді. Онда Ішкі істер  органдарында қызмет ететіндер үшін маңызды әлеуметтік қамту қарастырылған. Кей қызметкерлер үшін арендалық тұрғын үй төлемін жасау мәселесі бар. Қазір зейнетақы реформасы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары өкілдерін  әлеуметтік жағынан қамту жағдайы жақсарады деп ойлаймыз.

Берік ХАСЕНОВ