Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда Тобаяқов пен Котовский көшелерінің қиылысында барақ типтес үйлер өртке оранды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2015
  • 1387

Алматыда Тобаяқов пен Котовский көшелерінің қиылысындағы барақ типінде салынған үйлер өртке оранды. Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны жайлы нақты ақпарат жоқ. Тек 16 отбасының баспанасыз қалғаны анықталды.

Өрт шыққан жердің аумағы шамамен мың шаршы метрді құрады. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылған. Кейін анықталғанындай, ол 1952 жылы туған Виктор Захаров есімді азамат болып шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға 15 негізгі және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен бірге, жеке құрамнан 100 адам өртті өшіруге қатысқан. Қазір осы өрт оқиғасына байланысты материалдар Алматы қалалық ішкі істер департаментіне жіберілді.

Нұрбек Қожахмет, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

Бүкіл өрт сөндірушілер кең көлемде одан да үлкен аумаққа тарап кетпеу үшін атсалысты. Сондықтан ол қамыстан каркасты үй болғаннан кейін тез жанды. Өздеріңізге белгілі, ондай үйлер өте қурап тұрғаннан кейін тез күш алып жанады. Жалпы өрттің қарқынын қайтаруға 1сағат 15 минут жұмылдырылды. 

Самат ҚАНАҒАТОВ