Атырауда қалалық жедел жәрдем қызметі су жаңа 20 көлікпен толықты. Облыс әкімі
Бақтықожа Ізмұхамбетов Конституция
күні мерекесі қарсаңында сала мамандарына отандық жаңа көліктердің кілтін табыс етті. Жедел-жәрдем
көліктерінің екеуі педиатрлық, екеуі
кардиологиялық, қалғандары фелдьшерлік бригадалар үшін жабдықталған.
Айта кетейік, соңғы уақытта жедел жәрдем
қызметіне атыраулықтардың көңілі толмай келді. Норматив бойынша 1 көлік
тәулігіне 14 шақырту қабылдау керек болса, бұған дейін оның жүктемесі екі есеге
жуық, яғни 26 шақыртуға баратын болған. Сондықтан науқастарға жедел жәрдемді
30-40 минутқа дейін күтуге тура келетін. Енді жаңа көліктермен бірге бригадалар саны толыға түсетін болды. «Шақырту
уақытын 15 минутқа дейін қысқартамыз», -
дейді ақ халаттылар.
Ерлан Балғожин, Атырау қалалық
медициналық жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері:
Жеке құрамымыздағы
фельшерлік-дәрігерлік бригадалардың демалыс уақытының нормативтен асып кетуі жеңілдейтін болды
қазір. Шақыртуларды бөлу әрбір бригадаға
азаятын болды бізге. Бұрын барып жүргені 16-18 машина, қазір енді көбейіп, 20
машина қосылғаннан кейін бригаданың санын әуелі 25-ке толтырамыз, сосын 36-ға жеткіземіз.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ