Русский Сайттың толық нұсқасы

2015 жылғы шілде айында экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар біршама өзгердi

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2015
  • 881

2015 жылғы шілде айында экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар біршама өзгердi. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті мәлімдеді.

Келтірілген деректерге көз жүгіртсек, үстіміздегі жылдың шілдесінде инфляция 0,1%-ды құраған. Құрылыстағы баға бір ай ішінде - 0,1%-ға өсті. Ал өнеркәсіпте - 1,8%, ауыл шаруашылығында - 0,8%, көтерме саудада - 0,3%-ға төмендеген. Сондай-ақ, барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері - 0,1%-ға көтерілді. Ал заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс тарифтері - 0,3%-ға төмендеді. Заңды тұлғаларға көрсетілген почталық және курьерлік қызметтердің тарифтері - 11,2%-ға бір-ақ көтерілген.

Жұрағат БАМАН