Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл соңына дейiн Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға енгiзiлетiн өзгерiстер Парламент қарауына шығарылады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2015
  • 1212

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілмек. Бұл жөніндегі тиісті заң жобасы жыл соңына дейiн Парламенттің қарауына жіберілуі тиіс. Президент Әкiмшiлiгi Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушiсi Нәзипа Шанай осылай деп мәлiмдеді.

Заңға енгiзiлетiн өзгерiстердi Мәдениет және спорт министрлiгi әзiрлеуі тиіс. Нәзипа Шанайдың айтуынша, заңға енгiзiлетiн өзгерiстер «қоғамдық келiсiмдi» нығайтуға бағытталатын болады. Бұл ретте сарапшы «қоғамдық келiсiм» ұғымының аясы кең екенiне айрықша тоқталды. Маңызды мәселе ретiнде әлеуметтiк теңдiк қажеттігін атап өттi. 


Нәзипа Шанай, Президент Әкiмшiлiгi Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушiсi:

Бүгін қоғамдық келiсiмнiң бұзылуына әлеуметтiк және экономикалық мәселелердiң ықпал ететiнi рас. Осының  барлығын, әсіресе жастар мен мүмкiндiгi шектеулi жандардың мәселелерін қамтитын түсiнiк - қоғамдық келiсiм. Заңға енгiзiлетiн өзгерiстер осы қоғамдық келiсiмдi нығайта түсуді көздейді.

Берік ХАСЕНОВ