Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2015
  • 839

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ұлттық компанияға зор жауапкершілік жүктелетінін айтты. Сондай-ақ Президент маңызды шараны атқаруға қатысты алға қойылған міндеттердің ауқымдылығына да тоқталды. Осы міндеттерді дер кезінде және сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Компания төрағасы өз кезегінде алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Президент Ахметжан Есімовке бірқатар тапсырмалар берді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА