Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2015
  • 1015

Жылдың алғашқы алты айында инфляция 1,4 пайызға тең болып, жылдық инфляция 3,9 пайызды құрады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қайрат Келімбетов Елбасына қаржы секторы мен банк жүйесінің ахуалы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев күрделі экономикалық жағдайға байланысты Ұлттық банктің жұмысына көп нәрсе байланысты екенін айтты. Сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатына тәуелді екенін атап өтті. "Бюджеттің жағдайы нашарлауына, экспорттық тауарларға бағаның төмендеуіне орай, Ұлттық банктің жұмысын жоғары біліктілікпен жүргізу аса маңызды", - деп атап өтті Президент.

Бас банкирдің айтуынша, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен қарыздарды азайту жайы шешілген. Бұрын оның көлемі 33 пайыз болса, қазір 10 пайызға жуықтайды. Кездесу соңынан Президент бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА