Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиналысы өтті

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2015
  • 1361

Сыртқы нарықтағы үдерістер мен жағдайдың өзгеруін жіті қадағалау қажет. Қандай да бір қауіп-қатерлердің ықтималдығын мұқият бақылап, алдын-алу шараларын ұйымдастыру кезек күттірмейді. Бүгін Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Басқосуда сондай-ақ арнайы органдар қызметін жетілдіру, талдау және болжау жұмысының сапасын арттыру мәселелері қаралды. Әлеуметтік-экономикалық даму,  «Нұрлы жол» бағдарламасының стратегиялық тапсырмалары мен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы ел ішіндегі және әлемдегі жағдайды жан-жақты сараптауға негізделуге тиіс, - деді Президент. Кеңес қорытындысы бойынша  тиісті тапсырмалар берілді. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА