Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласының кәсіпкерлері халықты сабырлыққа шақыруда

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2015
  • 1008

"Басты мақсат қол астыңдағы азаматтардың жұмыс орнын сақтап, жалақысын қысқартпау". Бүгін Алматыдағы ұлттық-баспасөз клубында бас қосқан кәсіпкерлер осыны айрықша атады.

Олар «Теңгенің еркін айырбас бағамы кәсіпкерлерге қалай әсер етті» деген мәселені талқылау үшін жиналған. Сөз алған кәсіпкерлер қаржы саясатындағы өзгеріске қарамастан, әріптестері мен халықты сабырлыққа шақырды. Әрине, пайда табу да керек, дегенмен, ең бастысы - еңбеккерлердің жұмыс орнын сақтап, жалақысын қысқартпау, - деді бизнес өкілдері. Кәсіпкерлер қай салада жұмыс істесе де, бұған дейін қалыптасқан бағаны ұстап қалуға тырысу керек екеніне тоқталды. 

Самат ҚАНАҒАТОВ