Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы Конституциялық конференцияға 28 елдің өкілдері қатысады

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2015
  • 1089

Конституция күні қарсаңында Қазақстанда дәстүрлі Халықаралық конференция өтеді. Бүгінде 28 мемлекеттің өкілі өздерінің бұл жиынға қатысатынын растаған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Игорь Рогов осыны мәлімдеді. Конституциялық кеңес төрағасының айтуынша, конференция биыл 10-шы рет өткелі отыр. Әлемнің белді заңгерлері бас қосатын алқалы жиын конституциялық құқық мәселелеріне арналмақ. Жыл сайын өтетін басқосу Қазақстанның брендіне айналды, - дейді Игорь Рогов.

Оның айтуынша, заңгерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын түрлі деңгейдегі кездесулерде Қазақстанда өтетін конференцияға жиі сілтеме жасалатын көрінеді. Жиында өте маңызды мәселелер көтерілмек. Қатысушылардың қатары арта түсті. Биыл Еуропа, Азия және Африка құрлықтарынан ұсыныстар жолданған. 

Берік ХАСЕНОВ