Астанада «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партиясының кезектен тыс X
съезі өтті. Оған партияның барлық филиалдарының делегаттары қатысты.
Съезде көтерілген басты мәселе «Ауыл» партиясына жаңа төраға сайлау болды.
Саяси ұйымның жаңа басшысы болып Әли Бектаев сайланды. Ол Парламент Сенатының
депутаты Және «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партиясы құрылған
кезеңнен бастап ОҚО-дағы филиалын алғашқы болып басқарды.
«Қазақстанның алдында
жан-жақты жаңғыртуды жүзеге асыру, әлемдегі барынша дамыған отыз елдің қатарына
кіру міндеті тұр. Сондықтан «Ауылды» жаңа көзқарастағы, жаңа идеялары мен
бастамалары бар көшбасшы басқаруы тиіс». Съезд барысында партияның бұрынғы
төрағасы осыны атап өтті.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА