Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ШЫҰ шеңберінде синтетикалық есірткілер тізімінің ортақ базасын құруды ұсынады

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2015
  • 1152

Лаңкестік әрекеттер бүгінгі күннің қауіпті көрінісіне айналып отыр. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына, қатер төндіруде. Елордада өтіп жатқан ШЫҰ-ына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-ші отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев осыған алаңдаушылық білдірді.

Мұнан бөлек ол, Қазақстан мен ШЫҰ шеңберінде синтетикалық есірткілер тізімі мен сипаттамасының ортақ базасын құруды ұсынды. Осылайша, БҰҰ-ның орталығымен қызметтесу тиімді екенін айтты. Асхат Дауылбаев әріптестеріне заңсыз есірткі айналымына тосқауыл қойып, терроризммен және өзге де ауыр қылмыстармен күресуде күш біріктіруге шақырды. Бас прокурордың сөзінше, бұл қадам жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, қаржы үнемдеуге де айтарлықтай септігін тигізбек.

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:

Егер күш біріктірсек, есірткі тасымалы мен оның таралуына қарсы күрес әлдеқайда нәтижелі болады. Мысалы, БҰҰ-ның заңсыз есірткі айналымы мен қылмысқа қарсы басқармасы Тайландта серіктес мемлекеттермен ақпарат алмасады. Есірткіні анықтауда зертханалық қорытындыларымен бөліседі. Бұл  уақыт пен қаржы үнемдейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ