«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы
жеңісіне қол жеткізді. «Салават Юлаев» командасымен өткен кездесудің алғашқы
минутында қазақстандық хоккейшілер есеп ашып үлгерді. Ұрымтал тұстан шайба
соққан Дастин Бойдтың голы жауапсыз қалмады. Тіпті қарсыластардың соққан
шайбасы қақпаны көктей өтіп, төрешілер, голдың болған-болмағанына көз жеткізу
үшін, бейнежазбаны қарауға мәжбүр болды.
Тартысты өткен ойында «Барыс» 5:3
есебімен басымдық танытса да, қонақтар жеңістен үмітін үзбеді. Өйткені бұл
кезде «Барыстың» капитаны Брэндон Боченски ереже бұзғаны үшін алаңнан қуылған
еді. Төрт ойыншыға қарсы алты адам ойнаса да, кездесу «Барыстың» жеңісімен аяқталды.
Еркін КАРИН