Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2015
  • 1559

Депуттаттар жазғы демалыстан оралды. Бүгін Парламенттің кезекті бесінші сессиясы өз жұмысын бастады. Қос палатаның бірлескен отырысын ашқан Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасының тапсырмаларын орындау үшін қыруар жұмыстар атқарылуы керектігін айта келіп, әріптестеріне сәттілік тіледі.

Әдетте Парламенттің сессиясын Мемлекет басшысы ашатын. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасында мемлекеттік іссапармен жүргені белгілі. Төменгі палата төрағасы Парламенттің жаңа сессиясын Президенттің тапсырмасы бойынша ашқанын айта кетті. 

Белгілі болғандай, депутаттар келесі аптадан бастап 2016-2018 жылдарға арналған 3 жылдық республикалық бюджет жоспарымен танысады. Қос палатаның бірлескен отырысынан толыққанды ақпаратты қорытынды жаңалықтарымыздан көріп-біле аласыздар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ