«Нұр
Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында ашық қоғамдық қабылдау өтті. Тұрғындар құқық
қорғау органдары мен сот орындаушыларының жұмысына қатысты арыз-шағымын айтып,
көмек сұрады. 14 мәселе қаралды, азаматтардың біразы жерге қатысты базынасын
айта келген. Олардың бірі өзіне тиесілі жер телімінің мемлекеттік АКТ-сін ала
алмай, сотқа сабылуда. Ал 78 жастағы ана Қызжан Асилова 18 гектардан астам егістік жерін даулап, соттың табалдырығын
тоздырған. Енді ол билік партиясындағылардан жәрдем сұрады.
Қызжан
Асилова, Сайрам ауданының тұрғыны:
Егін
екпейтұғын сай-саланы қол қойдырып алып, соны беремін деп отыр. Ал мен оны неге
аламын? Мен өзім көрген, егін егетін жерді алуым керек. Сол үшін мен «Нұр
Отанға» келіп, арыздандым. Ал енді «Нұр Отан» соны адвокат беріп, жерімізді
әперемін дегенге сеніп отырмын.
Ашық
қабылдауға жазылғандардың бірі жасөспірімдердің құқығы қорғалмай отырғанын
айтады. Енді бірі алимент өндіруде сот орындаушыларының жұмысына көңілі
толмайтынын жайып салды. Комиссия
мүшелері тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, тиісті кеңесін берді.
Қайрат
Балабиев, ОҚО мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:
Қаралған
азаматтардың барлығының арызы қанағаттандырылды. Қолдан келгенінше, барлығына
заң түсіндірілді. Екі-үш азаматарды біз азаматтар алқасының төрағасы отырды, ол
кісі адвокаттар арқылы жәрдем беретін болды. Сондай-ақ басқа салалар бойынша
сот саласына, ішкі істер саласы бойынша басшылар отырды, барлық арыздарды бақылауға алынып, азаматтардың арыздары шешілетін болды.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ