Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық парламентшілер 1 жылдық бюджеттік жоспарлауға көшудің реті жоқ дейді

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015
  • 1335

Қазақстандық парламентшілер, ресейлік әріптестері іспетті республикалық бюджетті жылдық жоспарлаудың негізі жоқ, дейді. 

Мәселен, төменгі палата депутаты Асхат Бекенов біздің арна тілшісіне берген сұхбатында, бұл қадам экономикамыздың өсімін тежейтінін, айтты. Депутат, «мұнай мен металл  бағасы алдағы 4-5 жылда өзгермейді. Мұнай бағасы да 40-50 доллар шамасында болады», деген ойда. Сондықтан қалыпты 3 жылдық бюджеттік жоспарлаудан алыстаудың себебін көріп тұрған жоқ.

Айта өтейік, Ресей мемлекеттік думасы 3 жылдық бюджетті жоспарлаудан 1 жылдыққа көшуді күн тәртібіне шығарды. «Ведомости» газетінің жазуынша, Кремльде бұл ұсыныс қолдау тапқан. Өйткені санкциялардың қатаңдауы мен шикізат нарығының тұрақсыздығы осыған иетермелейді. Бұған қоса мұндай тәжірибе көрші елде 2008 жылы енгізіліп, сәтті орындалған.

Асхат Бекенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз қазір тек бір жылды жоспарлап қойсақ, ол отандық кәсіпорындарға да, әлеуметтік жағдайымызға да, алдын ала не күтіп тұрғанын білмейміз деуіміз - бұл біздің экономикамыздың болашағына, өсуіне тежеу болуы мүмкін, деп ойлаймын өз басым.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА