«Барыс»
кезекті рет ұпай жоғалтты. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген
елорданың «Барысы»
кезекті рет ұпай жоғалтты. Челябі қаласында жергілікті «Трактор»
командасымен кездескен Ерлан Сағымбаевтың шәкірттері 2-1 есебімен жеңілуге
мәжбүр болды.
Жанкүйерлердің қолдауынан қуат алған айдын иелері Ян Лацо
қақпасына Кокуев пен Паренің көмегімен екі бірдей шайба соқты. Ал қонақтар
сапынан жалғыз шайбаны Вадим Краснослободцев еншісіне жазды. 4 ойында 3 ұпай
жинаған «Барыс»
турнир кестесінің 11 орнына сырғыды. Келесі кездесуін астаналық
ұжым ертең сырт айдында Магнитогорскінің «Металлургіне»
қарсы өткізеді.