Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Мәжілісі 45 заң жобасын жұмысқа алды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015
  • 1200

Бүгін Мәжіліс алғашқы жалпы отырысын өткізді. Жиында депутаттар 45 сұрақты қарауға алған. Араларында бұған дейін дау тудырып келген еңбек кодексі, мемлекеттік қызмет, көлік тасымалы, сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, салық салу және кедендік әкімшілендіру туралы заңдар бар. Дәл қазір Парламенттің төменгі палатасынан Жұрағат Баман телефон арқылы байланысқа шықты. 

Жұрағат Баман, тілші:

Демалыстан шыға сала депутаттар қызу жұмысқа кірісті. Алғаш отырыста күн тәртібінде бірден 45 мәселе қаралды. Спикер әріптестерін бірінші күннен бастап белсенді әрі тыңғылықты жұмыс істеуге үндеді. Өйткені биыл жыл соғына дейін ел Үкіметі мен Мәжіліс депутаттары бірлесе әзірлеген 67 заң жобасы қабылдануы тиіс. Ал шамамен бір ай ішінде, яғни 7 қазанға дейін, мәжілісмендер 56 заң жобасын қабылдауға міндеттелді. Бұл өз кезегінде келесі жылдан бастап 5 институционалды реформаны іске асыруға бағытталған 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асырудың алғы шарты болмақ.

Жұрағат БАМАН