Русский Сайттың толық нұсқасы

«Барыс» ұпай жоғалтты, ал Қазақстан боксшылары Азия біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2015
  • 1556

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген елорданың «Барысы» кезекті рет ұпай жоғалтты. Челябі қаласында жергілікті «Трактор» командасымен кездескен Ерлан Сағымбаевтың шәкірттері 2-1 есебімен жеңілді. Жанкүйерлердің қолдауынан қуат алған айдын иелері Ян Лацо қақпасына Кокуев пен Паренің көмегімен екі бірдей шайба соқты. Ал «Барыс» клубының сапынан жалғыз шайбаны Вадим Краснослободцев еншісіне жазды. Осылайша 4 ойында 3 ұпай жинаған Барыс турнир кестесінің 11 сатысына сырғыды. Келесі кездесуін астаналық ұжым ертең сырт айдында Магнитогорскінің «Металлургіне» қарсы өткізеді. 



Қазақстандық боксшылар Азия біріншілігінде сәтті өнер көрсетуде. Тайланд астанасы Бангкокте жалауын көтерген бәсекеде алты бірдей отандасымыз жартылай финалға жолдама алды. Олар: 52 келіде Олжас Сәттібаев, 56 келіде Қайрат Ералиев, 69 келіде команда капитаны Данияр Елеусінов, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов және 91 келіде Василий Левит. Олардың қатарында ауыр салмақтағы Иван Дычко да бар. 28-ші рет өткізіліп отырған Азия чемпионатына ел құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мықты боксшыларды іріктеген сыңайлы. Басты мақсат - командалық есепте топ жару. Жартылай финал бәсекесі 3 қыркүйек күні өтеді.