Русский Сайттың толық нұсқасы

Домодедово әуежайынан өрт шықты

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2015
  • 984

Ресейдегі «Домодедово» әуежайынан өрт шығып, 3 мың адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің берген ақпаратына сай, қызыл жалын әуе вокзалының бірінші қабатынан тұтанған.

Белгілі болғандай, жүк сақтау бөлігіндегі кабель сымдары тұйықталды. Соңғы ақпаратқа сай
, өрт толығымен ауыздықталыпты. Әуежайдың жұмысы жанданып, ұшақтардың ұшу кестесі қайтадан қалпына келтірілді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА