«Қазақстан
халқы Ассамблеясы» туралы 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының
заңына өзгертулер мен толықтырулар
енгізіледі. Ол Ассамблеяның міндеттері мен қызметін қарастырады және «Мәңгілік
ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында қолға алынған.
Бұл
туралы Мәжілістегі заң жобасының таныстырылымында Мәдениет және спорт
вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді. Айтуынша, ұсынылып отырған заң
жобасының 3 және 4 баптары «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы
құндылықтары негізінде елдегі этносаралық келісімді қамтамасыз етуді көздейтін
нормалармен толықтырылған. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының
сапасын одан әрі арттыру үшін, соның ішінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын
іске асыру бойынша, Мемлекет басшысына Ассамблеяның жыл сайынғы есеп беруін
қарастыратын норма енгізілген. «Қолданыстағы заңға енгізілген бұл өзгерістер
Ассамблеяның институционалдық рөлін күшейтеді», - деді вице-министр.
Марат
Әзілханов,
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Заң
жобасын қабылдау теріс құқықтық және әлеуметтік экономикалық салдарды
тудырмайды. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржылық шығындарды талап
етпейді.