«Астананың» капитаны әлемдегі азулы клубтардың қайсысымен ойнағысы келетінін айтып ағынан
жарылды. Бұл жөнінде БАҚ өкілдерімен
өткен баспасөз маслихатында айтылды. Ал Елорданың атынан сынға түсіп жатқан
велокоманданың өкілі италияндық Фабио Ару жеңімпаздың қызыл жейдесінен
айырылып қалды. Спорт жаңалықтары келесі топтамада.
Астана-Галатасарай
кездесуі алдында билеттерді алып сатуға жол берілмейді. Бұл жөнінде «Астана» клубының президенті Саян Хамитжанов
мәлімдеді. Ал билет құнына келсек, стадионға барғысы келген жанкүйерлер 2 мың
мен 10 мың теңге аралығындағы қаржыға шығынданады. Қазақ футбол тарихында ең
алғаш болып Кәрі құрлықтың басты турниріне жолдама алған елордалық команда
маусымды өте сәтті өткізуде. Станимир Стойлов шәкірттері күзгі маусымда
жанкүйерлерге тамаша футбол додасын көруге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін, «Астана» командасының бюджеті 14
млн евроға толықты. Бұл жарыс алдында команда құрамына жаңа ойыншыларды тартуға және де еліміздегі футбол сапасын жоғары деңгейге көтеруге берілген
мүмкіндік.
Саян
Хамитжанов, «Астана» футбол клубының президенті:
Біздің
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алғанымыз еліміздегі нөмірі
бірінші спортты дамытуға, сондай-ақ балаларымыздың футболға деген қызығушылығын
оятуға ықпал етеді деген сенімдемін. Және де
Еуропадағы сәтті жорығымыздың арқасында командамыздың жанкүйерлер қатары
көбейеді деген жоспар бар.
Саян
Хамитжанов Кипрдің АПОЭЛ командасымен өткен ойында Бәйтерек монументі алдына
жиналған жанкүйерлердің қолдауына риза болғанын жеткізді. Алдағы уақытта дәл
осындай үлкен экран алдынан команданың сырт алаңдағы кездесулері Астанадан өзге
аймақтарда да көрсетіледі дегенді атап өтті.
Еске салайық, «Астана»
Чемпиондар Лигасында «С» тобында Португалияның «Бенфикасымен», Испанияның «Атлетико»
және Түркияның «Галатасарай» командаларымен күш сынасатын болады. Алғашқы
кездесуін ел чемпионы 16 қыркүйек күні сырт алаңда «Бенфикамен» өткізеді.
«Астана» командасының өкілі - италияндық Фабио Ару - жеңімпаздың қызыл жейдесінен айырылып қалды. «Вуэльта» көпкүндігінің 15
кезеңінің қорытындысы бойынша «Астана» командасының капитаны «Катюша» өкілі Хоаким Родригестен 1 секунд алда тұрған.
Ал бүгінгі 16 кезең бойынша жағдай өзгерді. Енді біздің капитанымыз испандық Родригеске 1 секундке жеңіліп
келеді. Ал 185 шақырымнан тұратын таулы кезең жеңімпазы болып Люксембург өкілі
Френк Шлек атанды. Фабио Ару оныншы орынды қанағат тұтты.