Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай қаласының әкімі қызметтен кетті

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2015
  • 1409

Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі растады. Ол шаһарды өткен жылдың маусым айынан бері басқарып келген болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін қала әкімнің қос орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ірі көлемде пара алды деген күдікпен  ұсталған еді. Атқамінерлерге қызмет бабын асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылды. Ал шаһар басшысының жұмыстан кетуі мен осы оқиғалардың арасында өзара байланыс бар ма, жоқ па - ол жағы әзірге белгісіз. 

Заңғар САНАЙ