Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай қаласының бұрынғы әкімі ұсталды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 1248

Күні кеше қызметінен кеткен Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов ұсталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді. Экс-шенеунікке "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр.

Шаһарды бір жылдан астам уақыт басқарып келген басшы қыркүйектің 8 күні өз еркімен қызметтен кеткен болатын. Бұған дейін қала әкімінің қос орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Атқамінерлерге қызмет бабын асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылды.

Сондай-ақ жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінген қостанайлық қос кәсіпкер 2 айға қамауға алынған. Қалталы азаматтар қалалық құрылыс бөлімі және басқа да лауазымды тұлғалармен сыбайластық жасаған деген күдік бар.

Мирас Адамбаев, Қостанай облысы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі:

Ахметбек Ахметжановты ұстау туралы арыз нөмірі екінші қалалық сотқа түсті. Оған 307 баптың 4 бөлімі, яғни қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалады деген айып тағылып отыр.