Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарауға алды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 1614

Мәжіліс «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарауға алды. Бюджет жобасы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдаулары негізінде әзірленген.

Сонымен қатар, депутаттар «Ұлттық қордан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын да өндіріске алды. Қаржы және бюджет комитеті құжаттарға 11 қарашаға дейін қорытынды әзірлейтін болады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 3 жылдық бюджет жобасын әзірлеу кезінде стратегиялық жоспардың жаңа форматы қолданылды. Бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға қатысты өзгерістер де бар. Нәтижесінде бұл 2016 жылы бюджеттік бағдарламалар санын 519-дан 220-ға дейін азайтуға мүмкіндік бермек.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ