Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» велокомандасының капитаны Фабио Ару Вуэльтада үздік ондықты түйіндеді

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2015
  • 1006

Веложарыстан Вуэльта көпкүндігінің 17-ші кезеңі артта қалды. Спортшылар 38 шақырымдық  жекелей сында бақ сынаған. Кезеңнің жеңімпазы болып Тома Де Молино атанды, ал «Астана» велокомандасының капитаны Фабио Ару мәреге Нидерланды спортшысынан 1 минут 53 секунд кеш келіп, нәтижесінде үздік ондықты түйіндеді. Жеңімпаздың «қызыл жейдесіне талас» өзгере қойған жоқ. 25 жасар италияндық спортшы әзірге Де Молинодан 3 секундқа қалып келеді. Биыл 70-ші рет өткізіліп отырған Вуэльта бәсекесінің аяқталуына әлі 4 кезең бар екенін ескерсек, «Астана» капитанына әлі жалпы есепте топ жаруға мүмкіндік жетерлік.