Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматының жарты бөлігі жарықсыз қалды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2015
  • 2132

Бүгін Алматы қаласындағы тұтынушылардың басым бөлігі аяқ астынан жарықсыз қалды. Салдарынан бірнеше көшеде бағдаршамдар істен шығып, жол қозғалысы қиындады. Бұған электр желілеріндегі апат себеп болғанға ұқсайды.

Істеп тұрған жоқ, қорқамын өтуге. Милиция қайда, қалай өтеміз екі баламен, тек анау көшеде бар, мына Абай - үлкен көше ғой.

Біраз болды ғой өте алмай тұрғанымызға, светофор істемей тұр.
Свет жоқ, өшіріп тастапты.

1,7 млн халқы бар мегаполис 15 минуттың ішінде абыр-сабыр болды. Реттеусіз қалған қиылыстан тезірек өтуге асыққан көліктер жол үстінде кептеліп, жаяу жүргіншілердің жолын бөгеді. Ал білім ордалары мен ауруханалар жұмысын арнайы құрылғылардың көмегімен жалғастырған. Бұл ахуалды электр желілерінің жұмысына жауапты «Алатау» жарық компаниясының мамандары түсіндірді.

Сәрсенбек Құлбаев, «Алатау жарық компаниясы» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары, бас инженер: 

35 КВ линияның істен шығуына байланысты, басқа организация өзінің қазу жұмыстарын жүргізу кезінде, біздің  электр энергияның 35 кв желіні істен шығарған үзіп. Соған байланысты қаладағы 4-ші подстанция жұмысы тоқтатылып, электр энергиясыз қалды потребительдер. Ол Абай даңылы, Гагарин, Әуезов, Жандосов көшелері. Свет 14:00 минутта өшті 14:16 минутта автоматты резевтер қосылып, бірінші аурухана мен мектептер  қамтамасыз етілді.

«Алатау жарық компаниясы» өкілдерінің айтуынша, қазір апатты жағдайды жөндеуге 16 бригада кіріскен. Нәтижесінде бірінші бағыттағы электр желісі толық жөнделіп, тұрғындарға жарық берілді. Қалған жұмыстар кешкі сағат 20.00-ге дейін аяқталады деп уәде берді. Ал компанияға ескертпей қазу жұмыстарын жүргізген мекеме қызметкерлеріне қарсы тиісті құжаттама толтырылды. Онда келтірілген шығынның жалпы көлемі есептелген. Апатты жағдайды тудырған тараптар осы шығынды өтеуге міндеттелмек.

Айгүл ЕРМАХАН